Ақтауда көпқабатты үйлерге QR-кодты тақтайшалар орнатылуда

12 қараша, 2018, 16:53 1680 Маңғыстау облысы
Ақтауда көпқабатты үйлерге QR-кодты тақтайшалар орнатылуда

Баспана сыртына ілінген тақтайшада тұрғындарға қажет ақпарат сандық үлгіде жазылған.

Ақтаудағы көпқабатты үйлерге QR-кодты тақтайшалар орнатылып жатыр. Баспана сыртына ілінген тақтайшада тұрғындарға қажет ақпарат сандық үлгіде жазылған. Алдымен арнайы мобильді қосымшаны смартфонға жүктеп алып, тақтайшаға ұялы телефон камерасын бағыттау қажет, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Құрылғы QR-кодты оқыған соң, сол үйге коммуналдық қызмет көрсететін мекеме мен учаскелік полиция бекетінің байланыс номерін көрсетеді. Сондай-ақ, post.kz сайтына сілтемеге өту арқылы коммуналдық төлемдерді онлайн төлеуге болады. Айта кетейік, QR-кодты тақтайшалар орнату шығынын пәтер иелері кооперативі көтереді.

"Қазіргі таңда QR-кодты қалаға орнатып жатырмыз. 26-шы шағын аудан толықтай біздің идеямызды қабылдап, өздері бастап жатыр. Оларға рахмет. Алдымызда 27-ші шағын аудан тұр. Жалпы бүкіл қалаға осы жылдың аяғына дейін орнатамыз деген үміттеміз. Қазіргі таңда 6 үйге қондырылды, тағы 40 үйге тапсырыс алынды. Жұмыстар жасалып жатыр", - деді қалалық талдау және цифрландыру бөлімінің бас маманы Данияр Шакиров.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: