Ақтауда мифтер алаңы ашылды

17 желтоқсан, 2018, 10:28 1917 Батыс Қазақстан облысы
Ақтауда мифтер алаңы ашылды

Жағалау бойына 13 шағын сәулет мүсіндері қойылған.

Тәуелсіздік күнінде Ақтауда мифтер алаңы қолданысқа берілді, деп хабарлады Хабар 24. Онда аққу, суын айғыр, түйе қыз секілді 13 шағын сәулет мүсіндері қойылған. Олардың барлығы маңғыстаулық ғалым Серікбол Қондыбайдың еңбектерінде кеңінен сипатталған.  Айта кетейік, осы жағалауды ұзындығы 102 метрлік баспалдақ теңізбен жалғайды. Іргесі 300 көлікке арналған автотұрақпен шектеседі. 

"Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында елдің рухын биіктетін үлкен жағалау болып, халық пайдалануына берілді. Ұлы даланың ұлылары, атқа міну мәдениетін насихаттау, фолькорлық музыкасы түгелдей қамтылып, жұртшылыққа ұсынылды. Жаңа жағалау облыс тұрғындарға арналған игі шаралардың бірі", - дейді өңірлік мәдениет басқармасының басшысы Пания Сармурзина. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар