Ақтаудағы әскери қызметшінің өліміне қатысты факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

10 қазан, 2018, 19:01 1516 Маңғыстау облысы
Ақтаудағы әскери қызметшінің өліміне қатысты факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алдын ала деректер бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері әскери қызмет өткерумен байланысты емес.

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында әскери бөлімдердің бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі 2-сатылы старшина Н.Қ. Ерназаров өз-өзіне қол жұмсады. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қысметіне сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орын алған жерде ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы, әскери прокуратура және әскери полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Өз-өзіне қол сұғудың мән-жайы анықталуда. Алдын ала деректер бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері әскери қызмет өткерумен байланысты емес", - делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат тергеп-тексеру шаралары аяқталған соң белгілі болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар