Ақтөбе облысы тұрғын үй жинақтарын жинақтау бойынша өңірлер арасында жетекші орынға ие - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбе облысы тұрғын үй жинақтарын жинақтау бойынша өңірлер арасында жетекші орынға ие

21 ақпан, 19:45 840 Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы тұрғын үй жинақтарын жинақтау бойынша өңірлер арасында жетекші орынға ие

Облыста "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының шамамен 20%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы, деп хабарлайды BNews.kz "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы тұрғын үй жинақтарын жинақтау бойынша өңірлер арасында жетекші орынға ие. Облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 19,7 пайызы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы.

"Бәйтерек" холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың жетекшілік етуімен Елбасы Жолдауының негізгі тараптарын түсіндіру бойынша Республикалық ақпараттық топ Ақтөбе облысына сапар шекті.

Сапар барысында Холдинг басшысы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тұрғындармен есептік кездесуіне қатысты, сондай-ақ "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. 566 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасының шеңберінде Қазақстандық ипотекалық компания ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) желісі бойынша салынуда. Құрылыстың бірінші кезегін осы жылдың мамыр айында тапсыру жоспарланған.

Сапар аясында ақпараттық топ мүшелері Ақтөбе облысының Мұғалжар, Алға, Хромтау, Мәртүк және Қарғалы аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары