Ақтөбе облысында 10 су қоймасы салынады

Написать нам
15 қазан, 2018, 11:10 1848 Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында 10 су қоймасы салынады

Қала маңындағы Благодар, Сазды, Қурайлы елді мекендерінде 2000 гектардан астам жер тұрақты суару жүйесіне қосылады. Бұл мақсатқа 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Ақтөбе облысында суармалы алқаптардың аумағын ұлғайту үшін 10 су қоймасы салынады, деп хабарлайды BNews.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

600 млн текше метр қар суын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Сонымен бірге өңірдегі "Сазды", "Ақтөбе" және "Қарғалы" су қоймаларын қайта жаңғыртып, сыйымдылығын арттыру жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек ірі бөгеттер мен тоғандарды түгендеу және құжаттарын реттеу жобасы қолға алынды. Биыл 21 мың гектар суармалы жерге түрлі дақылдар егілді.

Ақтөбелік кәсіпкер 3 жыл бұрын қала маңынан 1 гектар жер алып, таңқурай егіп, тәжірибе жасады. Сол жылы өзі күткендей өнім алады. Екінші жылы алқапты 10 есеге ұлғайтады. Ал биыл 25 гектар жерден 35 тонна жеміс жинаған. Қазір су шаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының көмегімен суармалы алқапты ұлғайту жұмыстарын бастап кеткен.

"Биыл жинаған 35 тонна өнімнің бір бөлігін саттық. Қалған бөлігін мұздатып, тосап шығарып жатырмыз. Бұған дейінгі суару жүйесі азғантай алқапты суаруға арналған еді. Енді магистральді су құбыры тартылғаннан кейін алқапты ұлғайтамыз", - дейді шаруа қожалығының жетекшісі Данат Шураханов.

Бұл ауданда 150 гектар суармалы жер болады. Суару жүйесін 3 бірдей шаруашылық пайдалана алады. Жергілікті құрылыс компаниясы су құбырын тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сапалы құбырлар Астана қаласындағы зауыттан әкелінген. Жалпы, қала маңындағы Благодар, Сазды, Қурайлы елді мекендерінде 2000 гектардан астам жер тұрақты суару жүйесіне қосылады. Бұл мақсатқа 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.

"Бұл жерде қазір жер қазу жұмыстары жүріп жатыр. Болған соң құбырларды жүргіземіз. 10 жұмысшы мен 3 техника бар. Жұмыстың 80 пайызы аяқталып тұр. Осы айдың жиырмасында тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз", - дейді учаске бастығы Игорь Дмитрук.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар