Ақтөбе облысында 60 отбасы қоныс тойын тойлады

19 Декабря, 2018, 10:17 2414
Ақтөбе облысында 60 отбасы қоныс тойын тойлады |  | BNews.kz

Тұрғын үйдің құрылысына 430 млн теңге бөлінген.

Ақтөбе облысында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Қарғалы ауданының Бадамша ауылында "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған алпыс пәтерлі жаңа бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған жетім балалар мен әлеуметтік жағынан әлжуаз топтағы отбасылар, бюджет саласының қызметкерлері қоныс тойын тойлады.

"Елбасы саясаты әрқашан ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеруге, соның ішінде әрбір қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталғанын білесіздер. Соның арқасында Ақтөбе облысында тек облыс орталығында ғана емес, облыс аудандарында да үйлер салынып жатыр. Тек осы жылдың қорытындысы бойынша облыста кем дегенде 900 м2 тұрғын үй салынады және халықты сапалы қол жетімді баспанамен қамту жұмысы жалғасады", - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзінде.

Тұрғын үйдің құрылысына 430 млн теңге бөлінген. Жаңа құрылыстың ауласы да толықтай абаттандырылған – ойын, спорттық, футбол ойнайтын алаңдар орнатылған.

"Президентіміздің саясаты арқасында өз пәтерлеріміздің кілтін алып жатырмыз. Қуанып тұрмын. Мен екі баланың анасымын, ұзақ уақыт бойы "толық емес отбасы" ретінде үй кезегінде тұрдым. Бүгін біздің арманымыз орындалды", - деді журналистермен әңгімесінде жаңа үйден пәтерлі болған Бадамша тұрғыны Евгения Коминская.

Сондай-ақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қос-Естек ауылында болып, орталық сумен қамту жүйесінің іске қосу рәсіміне қатысты. Аталмыш елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін  41 шақырым құбыр жүргізуге, көлемі 400 текше метрлік екі резервуар мен көлемі 50 текше метр болатын су жинайтын мұнара салу қажет болды.

"Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеру туралы тапсырмасы аясында биыл біздің облыстағы ауылдардың көбісі  орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде,  облыс орталықтандырылған ауыз сумен 93% қамтылды. Біз аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен және маңызды әлеуметтік нысандардың ашылуымен құттықтау үшін арнайы келдік", - деді ауыл тұрғындарымен әңгімелескен Бердібек Сапарбаев.

Ол сондай-ақ, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікпен, атап айтқанда, ауылдың ірі республикалық тас жолда орналасқанын ескере отырып, жол бойында қызмет көрсетумен айналысуға, мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау құралдарын қолдана отыра ауыл шаруашылығын белсенді дамытуға шақырды.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости