Ақтөбе облысында құны 21 млрд теңгелік газ өңдейтін зауыт салынады - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбе облысында құны 21 млрд теңгелік газ өңдейтін зауыт салынады

08 тамыз, 17:20 1544 Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында құны 21 млрд теңгелік газ өңдейтін зауыт салынады

Жаңа қондырғы ілеспе газды өңдеуді арттырып, өнімнің жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік береді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Байғанин ауданының әкімі Жандарбек Жаңабай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Оның айтуынша Байғанин ауданындағы Қожасай кен орнында газды кешенді әзірлеу қондырғысының құрылысы жүргізілуде, оны "Gas Proсessing Company" ЖШС жүзеге асыруда.

"Жаңа қондырғы ілеспе газды өңдеуді арттырып, өнімнің жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік береді. Қуаты жыл сайын 300 млн. м3 бензиннен тазартылған құрғақ газ, 37 мың тонна пропан-бутан техникалық қоспасын, 5400 т газ конденсатын және 10 500 т күкірт құрайды. Ілеспе газ жандырылмайтын болғандықтан, жаңа зауыт, тұтастай алғанда, облыс экологиясын жақсартады. Газды кешенді әзірлеу қондырғысының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады", - деді Жандарбек Жаңабай.

Қазіргі уақытта объекті құрылысына 450 адам тартылған, пайдалану мерзімінде 258 жұмыс орны ашылатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары