Ақтөбе облысында пантомен емдейтін емхана салынып жатыр - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбе облысында пантомен емдейтін емхана салынып жатыр

13 қыркүйек, 09:21 347 Ақтөбе облысы
 Ақтөбе облысында пантомен емдейтін  емхана салынып жатыр

Ақтөбе облысында пантомен емдейтін  емхана салынып жатыр, деп хабарлайды Вnews.kz Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауовға сілтеме жасап. 

Нұржауған Қалауовтың айтуынша, пантомен емдеу емханасы-санаторийі құрылысының жобасын жеке кәсіпкер Бану Тілегенова жүзеге асыруда. Осы мақсатта Мәртөк ауылдық округінің аумағында Қазан ауылының маңынан марал өсіру үшін бір гектар жер бөлінді. Жануарлар қыркүйек айының соңында Шығыс Қазақстан облысынан сатып алынып, әкелінбек.

«Бүгінде марал өсіру үшін мал қора мен қоршау құрылысы жүргізілуде. Қазан ауылында сонымен қатар, пантомен емдеу емханасының құрылысына алаңы 1300  шаршы метр болатын жер телімі бөлінді. Қазіргі таңда екінші қабаты тұрғызылып жатыр. Кәсіпкер "Бизнестің жол картасы - 2020" кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы ясында мемлекеттік қолдауға ие болды, атап айтқанда оған 150 млн теңге көлемінде пайыздық мөлшерлеме субсидияланды»,-деп жеткізді Қалауов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары