Ақтөбе облысында "Салауатты дағдылар марафоны" челленджі басталады

18 шілде, 2018, 10:05 1725 Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында

Челлендж қатысушылары негізгі үш қағидатты ұстануы тиіс. Оның бірі күніне екі литр су ішу. 

Денсаулық саябағында "Behealthy – Будь здоров – Денсаулық кепілі" ұранымен өтетін акцияға медицина қоғамдастығының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен өмірлік белсенді ұстанымы бар қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Жұртшылықтың өз денсаулығына назарын аудару, сондай-ақ, қазақстандықтардың өз денсаулығына жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында 11 шілдеде Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Салауатты дағдылар марафоны" кең көлемді акциясын ұйымдастырды. Өңіріміздің медицина қоғамдастығы астанамыздың 20-жылдығы құрметіне "Денсаулық жолы" ұлттық бағдарламасы аясында челлендж өткізеді. Біз бүгін эстафетаны еліміздің басқа өңірлеріне тапсырамыз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Челлендж қатысушыларды үш негізгі қағидатты ұстануы тиіс. Олар үстелден тұзы бар тұз сауытты 10 күнге алып тастауға, осы мерзім ішінде тәулігіне 2 литрге дейін таза су ішуге және күн сайын 10 000 қадам жасауы тиіс.

Бұл акцияға қатысу шарттары Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми парақшасында көрсетілген.  Челлендж 8 қыркүйекте Денсаулық фестивалінде мәресіне жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар