Ақтөбе облысында Студенттік лига өткізіледі - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбе облысында Студенттік лига өткізіледі

Написать нам
10 қазан, 2018, 15:11 1511 Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында Студенттік лига өткізіледі

Оған жоғары оқу орындарынан 200 студент қатысады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мəлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы" атты Жолдауында спорт ғимараттарын, əсіресе оларды оқу орындарында тиімді пайдалану бойынша біздің алдымызға міндеттер қойды. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 12 қазан мен 9 қараша аралығында "Студенттік лига" өткізіледі. Жарыс Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің базасында өтеді", - деді Нұрлан Күнтуов.

Оның айтуынша, "Студенттік лига" аймақ арасында ЖОО-ның ынтымақтастығын нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар оларды ұйымшылдыққа, командалық қарым-қатынасқа тарту жəне жастардың спорттық-бұқаралық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіледі.

Жарыс шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол жəне баскетбол секілді спорттың бес түрінен өтетін болады. Оған ЖОО-нан 200 студент қатысады.

Айта кетейік, Ақтөбеде 24 мың студент оқитын  6 жоғары оқу орны жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар