Биыл "Нұрлы жер" аясында жеңілдетілген несиеге 24 млрд теңге бөлінеді - Жаңалықтар | BNews

Биыл "Нұрлы жер" аясында жеңілдетілген несиеге 24 млрд теңге бөлінеді

30 қаңтар, 10:51 937 Астана
Биыл

Бұл туралы "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ  директорлар кеңесінің отырысы барысында айтылдыдеп хабарлайды BNews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қаражат басым бағытты республикалық инвестициялар тізіміне енді және осы жылғы бюджет аясында қарастырылып отыр. Бұл туралы "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) директорлар кеңесінің отырысы барысында айтылды. 

"Нұрлы жер" бағдарламасы бюджеттік несие түрінде жыл сайын банкке 24 млрд теңге көлеміндегі қаржы бөлуді қарастырады. Бұл ақшаға банк салымшылары 5% көлеміндегі жеңілдетілген мөлшерлемемен алдын-ала және аралық займдар ала алады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шотында 30% көлемінде ең төменгі алғашқы жарна жинау қажет.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекет бөлген 30 млрд теңгені игерген. Бұл қаржыға 3 488 қазақстандық отбасы "Нұрлы жер" аясында төмен бағамен үй сатып алды.

Жиналыс барысында банк 2017 жылдың төртінші тоқсанының нәтижесі бойынша Ішкі аудит департаментінің қызметі туралы есеп беріп, директорлар кеңесіне ұсынылатын есептілік тізімін бекітті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары