Ақтөбе облысындағы жол апатынан Өзбекстанның жеті азаматы зардап шекті - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбе облысындағы жол апатынан Өзбекстанның жеті азаматы зардап шекті

26 ақпан, 11:26 571 Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысындағы жол апатынан Өзбекстанның жеті азаматы зардап шекті

Жол-көлік оқиғасы 25 ақпан күні орын алды.

Хромтау ауданының Жазық ауылы маңында "Самара-Шымкент" тас жолының бойында жолаушылар автобусы жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды BNews.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, 35 жасар автобус жүргізушісі "Мерседес" маркалы автобуспен Ақтөбеден Хромтау қаласына қарай бет алған. Жүргізуші жолда автобус рөліне ие бола алмай, жол шетіне шығып, аударылып қалған. Салдарынан автобус жолаушылары Өзбекстанның  жеті азаматы әр-түрлі дене жарақатымен Хромтау қалалық аурухансына жеткізілді. Автобус ішінде барлығы 25 адам болған.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345 б 2т бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары