Ақтөбе облысының полициясы екі баласымен жоғалып кеткен әйелді іздеуде - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбе облысының полициясы екі баласымен жоғалып кеткен әйелді іздеуде

22 ақпан, 14:27 1219 Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының полициясы екі баласымен жоғалып кеткен әйелді іздеуде

Ақтөбелік полицейлер іс-түссіз жоғалып кеткен облыс тұрғындарын іздестіруде.

Ақтөбе облысының тұрғыны екі баласын алып, үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды аймақтың Ішкі істер депратаментінің баспасөз қызметі.

"Байғанин ауданынының полициясы іс-түссіз жоғалып кеткен Байғанин ауданы Қаражар ауылының 09.05.1991 жылғы тұрғыны Жеңісгүл Жұмашеваны және оның кәмелетке тоолмаған екі баласы 17.09.2010 жылы туылған Жасқанат Жарылғап пен 04.01.2012 жылы туылған Жұлдыз Жарылғапты іздестіруде. Жеңісгүл Жұмашева екі баласын алып, белгісіз бағытта үйден шығып кеткен", - деді полиция өкілдері.

Құқыққорғаушылар іс-түссіз жоғалып кеткендер туралы ақпараты бар адамдарды, департаментке мына телефондар бойынша хабарласуды сұрайды: 102, 8 (71345) 22-1-74, 22-1-83, ұялы тел. 87021773179 мекенжайы: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қараукелді ауылы, Қонаев көшесі №38 (Байғанин аудандық полиция бөлімшесі), немесе келесі телефон нөмірлері бойынша 936-225, 936-232, 8-776-5466666 хабарласуын сұрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары