Ақтөбеде ағылшын тілін тегін оқыту курсына құжат қабылданып жатыр

14 Января, 2019, 18:36 2003
Ақтөбеде ағылшын тілін тегін оқыту курсына құжат қабылданып жатыр |  | BNews.kz

1 ақпаннан басталатын 3 айлық курсқа қаланың кез келген тұрғыны тіркеле алады. Мұнда әліпбиден бастап, ауызекі еркін сөйлеуге дейін үйретіледі.

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының бастамасымен "Үш тұғырлы тіл – заман талабы" атты үш айлық ағылшын курсын тегін оқыту науқанының екінші кезеңі басталды. Курсқа қатысу үшін барлық ақтөбелік құжат тапсыра алады, деп хабарлады Орталықтың басшысы Жандос Табылғанов.

"2019 жылғы 1 ақпаннан бастап 3 айлық ағылшын тілін тегін оқыту курсына құжаттарды қабылдау жұмыстары басталды. Курстарды "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және "Жастар жылы" аясында ұйымдастыруда. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің білікті мамандары дәріс беретін оқу аптасына бір рет 2 сағат көлемінде өткізілетін болады", - деді Жандос Табылғанов.

Айта кетейік, өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, студенттер мен оқушылар 100-ден астам жас ағылшын тілінің тегін курсына қатысып, сертификаттар табысталған болатын.

Биыл да сол игі істің жалғасын табу мақсатында 16-29 жас аралығындағы барлық қатысушы үшін шет тілі тегін оқытылады. Курсқа қаланың кез келген тұрғыны тіркеле алады. Мұнда әліпбиден бастап, ауызекі еркін сөйлеуге дейін үйретіледі. Бұл жобаның ұйымдастырушы болып саналатын Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірлесе жұмыс атқарып жатыр.

Ағылшын курсына қатысуға ниет білдірушілер Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимараты, №53 бөлмеге келіп, тиісті құжаттарды рәсімдеп, жеке бас куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости