Ақтөбеде "Астана" саябағы ашылды

20 қазан, 2018, 09:56 2561 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде

Саябақ Қазақстан елордасының 20 жылдығына арналған.

Ақтөбеде Қазақстан елордасының 20 жылдығына арналған "Астана" саябағы таныстырылды. Шараға ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары, облыс басшылығы, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде бірінші кезекте құрылысшылардың ұйымшыл командасына қысқа мерзімде орындаған ауқымды жұмыстары үшін алғыс айтты. Ол сондай-ақ, "Астана" саябағы облыс орталығының ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына сенімді.

"Биыл 20 жылдық мерейтойын тойлаған Астана Қазақстанның жетістігі мен дамуының бейнесі, еліміздің әрбір тұрғынының мақтанышы болып табылады. Ақтөбеліктер де, барлық қазақстандықтар секілді осындай атаулы күнді атап өту үшін өз үлестерін қосып жатыр. Бұдан бұрын біздің облыс елордамызға Тәуелсіздік алаңында орналасқан Әлем қабырғасын тарту етсе, ал бүгін Ақтөбеде "Астана" саябағын ашып жатырмыз. Оның құрылысына кететін шығынның жартысын Астана әкімдігі қаржыландырып отыр. Бұл үлкен саябақ болады. Біздің мақсатымыз – бақты қалалықтардың, балаларымыз бен қала қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналдыру", - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Қала орталығында орналасқан "Астана" саябағының құрылысы тамыз айында басталған болатын. Оның жалпы аумағы 4,3 гектар. Бүгінде екі гектары абаттандырылған. Ауқымды нысан осы жылдың соңына қарай толықтай пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны - 266 млн теңге. Бас мердігер - "Мерей Билдинг Групп" ЖШС.

Саябақ ауқымды жасыл кешеннің интегралды бөлігі болып табылады. Саябақты жоспарлаудағы негізгі міндет – келушілер өздерін Астанада қыдырып жүргендей сезінулері керек. 3D-панорамада елорданың барлық көрікті жерлері бейнеленбек. Ядроның айналасында 3D-панорамамен бірге рекреациялық аймақтар, жолдар, бірегей кіші сәулет пішіндер, классикалық шамдар, отырғыштар, мүсінді композициялар, балалар алаңдары, рельефті төбешіктер орналасатын болады.

Саябақтың тағы бір ерекшелігі – оны кесіп өтетін ені 5-6 метр, тереңдігі 50 см, Есіл өзенін бейнелейтін жасанды су арнасы. Арнаға көпір салынады. Саябақ автоматты түрде суару жүйесімен жабдықталатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар