Ақтөбеде "Бақытты бала" жобасының қорытындысы шықты

24 қазан, 2018, 10:45 2291
Ақтөбеде

Биыл облыста еліміздегі тұңғыш жыл бойғы сауықтыру инклюзивті "Күншуақ" лагері құрылды.

Ақтөбе облысында Бала жылы аясында өткізілген "Бақытты бала" арнайы жобасының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Бақытты бала" жобасы ЮНИСЕФ, қайырымдылық қорлары, БҰҰДБ халықаралық қоғамдық ұйымдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, келесі жыл жастар жылы деп жариялануына байланысты жоба келесі жылы да өткізілетіні туралы айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларына, "Рухани жаңғыру" бағдарламасына сәйкес облыста осы жыл "Бала жылы" деп жарияланып, соған қатысты өткізілетін өткізілетін шаралар "Бақытты бала" жобасында көрініс тапты. Жыл басынан бері жоба аясында көптеген өте маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Облыс басшылығы атынан барлық кәсіпкерлерге, компаниялар мен ұйымдарға, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне жобаға қатысқандары үшін алғыс айтамын. Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жаряилауына байланысты жоба келесі жылы жалғасатын болады", - деді облыс әкімі.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Бақытты бала" жобасы ЮНИСЕФ, БҰҰДБ халықаралық қоғамдық ұйымдары, қайырымдылық қорлары, ҚР БҒМ-ның қолдауымен жүзеге асырылған.

ҚР БҒМ вице-министрі Эльмира Суханбердиева бұл жобаны өзге өңірлерге де тарату жөнінде айтты. Өйткені бұл жобаның мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауда  маңызы зор.

"Жобаның тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де аналогі жоқ. Облыста балаларды, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау және қорғауда көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұл тәжірибені өзге өңірлерге де тарату керек" - деп атап өтті БҒМ вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Жобаның нәтижелері өте жоғары бағаланды. Биылдың өзінде Ақтөбе облысында еліміздегі тұңғыш жыл бойғы сауықтыру инклюзивті "Күншуақ"лагері ашылып, бюджет қаражатынан тыс қаржыға аутизмі бар балаларға арналған орталық, коррекциялық балабақша, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ 177 спорттық-ойын алаңы, жазғы Аквапарк, Мұз сарайы, Теннис орталығы пайдалануға берілді, жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жүріп жатыр. 25 IT-класс ашылды, мектептер 24 3D-принтерлермен, 27 робот техникасының жиынтығымен, 28 ультрақысқа фокусты проектормен жабдықталған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, биыл облыстағы 120 мың бала жазғы демалыспен қамтылды, соның ішінде он бес мың бала Қазақстанның киелі және көрікті жерлеріне барса, жеті жүзден аса дарынды бала Қазақстанның және алыс-жақын шетелдердегі үздік жазғы сауықтыру, білім беру лагерьлерінде барып, денсаулықтарын түзеп қайтқан.

Шараның қорытындысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жобаны жүзеге асыруға және ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарды марапаттады. "Бақытты бала" арнайы жобасы мыңнан аса өнерлі, әрі дарынды бала қатысқан ерекше театрландырылған көрініспен аяқталды. Қойылым авторлары көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ақтөбе облысы #балалар #Бердібек Сапарбаев

Читайте также

Похожие новости