Ақтөбеде хиджаб киген оқушы қыздардың ата-аналары айыппұл төлейді - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбеде хиджаб киген оқушы қыздардың ата-аналары айыппұл төлейді

03 наурыз, 18:46 2943 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде хиджаб киген оқушы қыздардың ата-аналары айыппұл төлейді

Жүргізіліген ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде қала бойынша 111 оқушы қыз бала мектеп формасына ауысып, орамалын шешті.

2017-2018 жылғы оқу жылының басында Ақтөбе қаласының білім беру ұйымына қатысты жалпы білім беретін мектептерінде 179 оқушы қыз бала мектеп киім үлгісін сақтамай отырған, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мектеп киім үлгісін сақтамай жүрген оқушылардың ата-аналарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қазіргі күнге дейін жүргізіліп отыр. Сол атқарылған жұмыстын нәтижесінде қала бойынша 111 оқушы қыз бала мектеп формасына ауысып, орамалын шешті, ал 21 оқушы қыз бала отбасылық жағдайларына байланысты басқа облыстарда орналасқан оқу орындарына ауыстырды. Бір оқушы денсаулық жағдайына байланысты үйде білім алады. Екеуі емдеу мекемелерінде ұзақ мерзімді ем қабылдап жатыр", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бүгінде, Ақтөбе қаласындағы білім беру ұйымдарында 44 оқушы қыз бала орамал тағып келіп жүр.   

"Мектеп формасына қатысты №40, 49, 13, 36, 62, 23, 8, 60 және 48 орта мектеп ұйымдарының басшылары "баламды мектепке кіргізбеді" деп ата-аналары сот процесіне тартты, алайда Ақтөбе қалалық соты мектеп директорларының әрекетін заңсыз деп тану туралы арыздарын қанағаттандырусыз қалдырды", - деп атап өтті әкімдікте. 

Білім саласын бақылау департаментінде қазіргі таңда 17 құжат тексеру үстінде. Алты құжат бойынша хаттама толтырылып, ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409 бабы, 2 тармақшасы бойынша әкімшілік жаза қолданып, айыппұл салынды.

Ұқсас жаңалықтар