Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған спорт кешені салынады - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған спорт кешені салынады

07 қыркүйек, 09:47 475 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған спорт кешені салынады

Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған спорт кешені салынады. Бұл туралы Вnews.kz Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіповке сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарма басшысының сөзінше 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында өңірде бір ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, төрт халықаралық сыныпты спорт шебері, 13 ҚР спорт шебері, 182 ҚР спорт шеберіне үміткерлер, 38 бірінші дәрежелі спортшы дайындалған. 2017 жылы облыста шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек бөлімдері ашылды, ал қыркүйекте спорттың «спорттық шыңға өрмелеу»  олимпиадалық түрінің бөлімшедерін ашу жоспарда бар.

Жыл басынан бері өңірде 79 облыстық жарыстар, 12 ҚР чемпионаты, бес халықаралық турнирлер  өтті. 2017 жылдың 11-16 қыркүйек аралығында «Ақ бидай» республикалық ауыл спортының  финалдық ойындары өтеді. 2017 жылдың маусым айында Ақтөбеде хоккейлік-спорт кешені ашылды. Мұнда балалар Мәскеу, Қазан, Рудный мен Өскемен қалаларынан шақырылған білікті жаттықтырушылардың басшылығымен  шайбалы хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау секілді спорт түрлерімен айналысатын болады.

Бұдан өзге, өңірде мүгедек жандарға арналған спорт кешені салынбақ. Осы мақсатқа жер телімі бөлініп, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде. Мүгедек балаларды иппотерапия көмегімен емдеп, оңалту үшін жабық манеж құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

2017 жылдың қыркүйегінде Батыс-2 шағын ауданында құны 1,5 млрд теңге болатын «Жекпе жек» спорт сарайы салынады деп күтілуде. Жоба МЖС аясында жүзеге асырылған. 2018 жылы құны 3,8 млрд теге болатын мұз сарайының құрылысы аяқталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары