Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үйлер салу жалғасуда - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үйлер салу жалғасуда

09 қазан, 12:13 1049 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үйлер салу жалғасуда

Қазіргі таңда облыста аталмыш бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» және «Тұғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік баспана құрылысы» сынды екі бағыты жүзеге асырылып жатыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес жеке құрылыс салушыларды баспана салуға ынталандырудың бір әдісі – несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы болып табылады. 2017 жылдан бастап осы мақсатқа  республикалық бюджеттен субсидиялауға қаржы бөлінді, онда қаржы агенті - «Даму» қоры.

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екінші құрылыс компаниясы, яғни «Хиба-Наз» ЖШС пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға мүмкіндік алды. Сыйақы мөлшерлемесі жылына 14% құрайды, оның 7% -ы «Даму» қорымен субсидияланады. Несиелік желі «Банк ЦентрКредит» АҚ-да ашылды. Несие сомасы - екі жыл мерзімге 195 млн. теңге.

Құрылысты салушы бөлінген қаражатқа ​​Ақтөбе қаласындағы жалпы ауданы 5121 м2 (81 пәтер) болатын бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
Ақтөбе қаласындағы жаңа тұрғын үй кешені 2017 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек.

Еске салайық, «Нұрлы жер» бағдарламасы несиені жеке құрылыс салушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 10,2% базалық мөлшерлемесінен аспайтын, субсидиялау туралы шешім қабылданған кезде 5% -дан астам мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бойынша беруді қарастырады. Қалған айырмашылықты құрылыс салушы өзі төлейді. Субсидия тұрғын үй құрылысымен айналысатын кәсіпкерлердің несиелері бойынша ұсынылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары