Ақтөбеде пациент дәрігерге пышақпен шабуыл жасады - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбеде пациент дәрігерге пышақпен шабуыл жасады

13 маусым, 18:01 2346 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде пациент дәрігерге пышақпен шабуыл жасады

Оқыс оқиға 7 маусым күні сағат 12.00-де Маресьев көшесінде орналасқан отбасылық емханада болған.

Ақтөбедегі отбасылық емханада пациент терапевтке шабуыл жасап, пышақ сұғып алды. Қуанышқа орай, дәрігер аман қалды, деп хабарлайды BNews.kz.

Пациент жас терапевт дәрігердің қабылдауына кірген. Ол кенеттен пакет ішінен пышақ алып шығып, "Мен сені өлтіремін" деп дауыстаған және 26 жастағы дәрігерге сұғып алған. Дәрігер жарақат алғанына қарамастан, қаскөйдің құрығынан қашып кетеді.

Емхана қызметкерлері пациентті қамап қойып, жедел жәрдем қызметі мен полиция қызметкерлерін шақырған. Аталған фактіге қатысты "өмірге қастандық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегушіге ота жасалды. Облыстық денсаулық сақтау өкілдерінің айтуларынша, жара тереңдей қоймапты.

Ішкі істер департаменті қызметкерлері мұндай жағдайдың орын алуына не себеп болғаны туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.

"Зардап шегушіге кішігірім ота жасалды. Қуанышқа орай, ішкі ағзаларға қатты зақым келмеген. Сондықтан ол үш күннен соң ауруханадан шығарылды. Алайда ол амбулаториялық ем қабылдайды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Әсия Тржанова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары