Ақтөбеде тұрғын үй өртенді: зардап шеккендер бар

10 мамыр, 2018, 10:28 2120 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде тұрғын үй өртенді: зардап шеккендер бар

Өрттің салдарынан төрт адам эвакуацияланып, бір адам құтқарылды.

Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, өрт 9 мамырда үйдің төртінші қабатында тұтанып, 3 шаршы метрді шарпыған.

"Улы газдан зардап шеккен 1929 жылы туылған қарт адам ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өртті Ақтөбе облысының өрт сөндіру қызметі уақтылы ауыздықтады", - деп хабарлады Иманқұлов.

Өрт салдарынан төрт адам эвакуацияланып, бір адам құтқарылды.

"Электр тоғы бақалаудан шыққанға дейін ғана өз пайдасын тигізеді. Оны қолданудың ережелерінің бұзылуы электр тоғының қысқа тұйықталуы мен өртке әкеп соғады", - делінген таратылған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар