Ақтөбеде жаңа туған сәбилерге діни есімдер жиі қойылады - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбеде жаңа туған сәбилерге діни есімдер жиі қойылады

08 қараша, 12:57 1945 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде жаңа туған сәбилерге діни есімдер жиі қойылады

Ақтөбе қаласында дүниеге келген сәбилерге ислам дінінен алынған есімдер көптеп қойылып жатыр. АХАТ қызметкерлері соңғы жылдары осындай үрдіс белең алғанын айтады, деп хабарлайды BNews.kz Ақтөбеnews ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында ер балаларға Мұхаммед, Мұхаммад, Абдурахим, Али, Расул, Ислам, Нұрислам, Ибраһим есімдері жиі қойылған. Ал, қыздар арасында Медина, Хадиша, Раяна сынды аттар көп кездеседі.

Жаңа туған балаға азан шақырып Дін деген ат қойып жатқандар да бар.

«Ерекше қойылатын есімдердің бірі — Дін. Ал, ЭКСПО секілді шараларға немесе мерекелерге байланысты есімдер тіркелген жоқ», - дейді АХАТ мамандары.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары