Ақтөбеде жас мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық сайыс өткізілді

28 қаңтар, 2019, 13:14 1749
Ақтөбеде жас мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық сайыс өткізілді

Спорттық іс-шара Жастар жылы және Ақтөбенің 150 жылдығына орай жүзеге асырылды.

Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып, Жастар жылы және Ақтөбенің 150 жылдығына орай жас мемлекеттік қызметшілер арасында "Тәуелсіз елдің жастары" атты волейбол, футбол, шахмат және дойбы спорт түрлерінен сайыс өткізілді. 

Спорттық сайыстың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ҚР Президенті мен Үкіметінің шешімдерін, жарлықтарын және Елбасының "Салауатты өмір салтын насихаттау туралы" үндеуін орындау. Әрбір команда өзінің дене даярлығын, топтық бірлігін және мақсаттылығын көрсетті. 

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Н. Садықов қатысты. Сайыста Ақтөбе облыстық басқармалары, қалалық бөлімдер, аудандық бөлімдердің жас мемлекеттік қызметшілерінен құралған 12 командада 150-ге жуық сайыскер өнер көрсетті. Олар спорттың 4 түрінен өзара бақ сынады. 

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командаларға сыйлықтар мен қала әкімі Ілияс Испанов атынан алғыс хаттар берілді. Төрешілердің шешімі бойынша футболдан 1-орынды Ақтөбе облысы индустрия-инновациялық даму басқармасы және құрылыс-сәулет басқармасы, 2-орынды Ақтөбе облысы Алға ауданының құрама командасы, ал 3-орынды Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының құрама командасы алды.

Ал волейболдан 1-орынды Ақтөбе облысы Қобда ауданының құрама командасы, 2-орынды облыстық еңбек инспекциясының құрама командасы, сондай-ақ 3-орынды Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының құрама командасы иеленді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ақтөбе облысы #спорт #сайыс #мемлекеттік қызметкер #жастар

Читайте также

Похожие новости