Ақтөбеде "Жасыл ел" жасақтарының үздіктері марапатталды

Написать нам
26 қазан, 2018, 17:51 3094 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде

Шараның мақсаты - жастардың қоғамға пайдалы еңбекке деген позитивті қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады.

Ақтөбеде "Жасыл ел" "Zhasyl el Awards" жастар еңбек жасағы маусымының салтанатты түрде жабылуы өтті. Мұнда ҚР қоғамдық даму министрлігінің, республикалық жастар ұйымдары мен ресейлік студенттер жасағының орталық штабының өкілдері, сонымен қатар республиканың барлық өңірлерінен келген еңбек жасақтарының үздік өкілдері жиналды, деп хабарлайды BNews.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның басты мақсаты - жастардың бірігуі және олардың қоғамға пайдалы еңбекке деген позитивті қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады.

Облыс әкімі Бердбек Сапарбаев ұйымдастырушыларға еңбек маусымының жабылу салтанатын Ақтөбеде өткізгендеріне алғыс айтты. 

"Ақтөбені осы шараны өткізу үшін таңдағаны бекер емес деп ойлаймын. Бұл алдымен қашанда өздерінің белсенділіктерімен және патриоттық рухтарымен ерекшеленген ақтөбелік жастардың еңбегі. Біздің ұл-қыздарымыз Елбасы тапсырмасын орындай отыра ел өміріне тікелей ат салысады. Нұрсұлтан Назарбаев жастарды дамытуға зор көңіл бөледі. Қазақстандық жастар өзге елдердегі қатарластарынан қалыспаулары керек", - деді  Бердбек Сапарбаев.

Ол сондай-ақ, осыдан 14 жыл бұрын Елбасы бастамасының арқасында  студенттік еңбек жасақтары жұмыс жасай бастағанын атап өтті. Осы жылдардың ішінде олар елді мекендерді көгалдандыруға қатысып, нысандар салып, өздерінің тиімділіктерін дәлелдеді. Ақтөбе облысында 2018 жылдан бастап жасақтар жұмысын жыл бойғы ету шешімі қабылданған болатын.

"Жастар еңбекке ерте араласулары керек. Өйткені, қыз-жігіттерге өмірлік белестерге жету үшін көмектесетін – осы еңбек. Сіздер – еліміздің болашағысыздар, лайықты азамат болыңыздар, сонда ғана Қазақстанды үлкен болашақ күтеді", - деді облыс әкімі.

Шара барысында "Үздік штаб", "Үздік жасақ", "Онлайн-штаб", "Үздік жоба", "Hero Jasyl el", "Үздік оқу орны", "Үздік жұмыс беруші", "Жыл серпіні", "Үздік жауынгер", "Үздік мәдени жасақ", "Үздік медиа маман", "Үздік командир" сынды 12 аталым бойынша үздіктер анықталды.

Ақтөбеліктер бірден екі аталыммен көзге түсті. Бәйішев атындағы университеттің өкілі Артур Азиев үздік командир атанды. Ол алты жылдан бері "Жасыл ел" жастар жұмыс тобының командирлер арасындағы жұмысын ұйымдастыруға жауап береді.

"Жасыл ел" Ақтөбе облыстық штабы "Жыл серпіні" атанды. Биыл оның қатарына 6 мыңға жуық адам кірді. Сондай-ақ, ақтөбелік сексен үздік жауынгерге Астана қаласына жолдама берілді.

Еңбек маусымының республикалық жабылуы аясында "Жастар. Экология. Патриотизм" тақырыбына шеберлік сабақтары өтіп, "XXI ғасырдың бәсекеге қабілетті жастары" атты диалог алаңы ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, форум қонақтарына Ақтөбе облысында түсірілген жастар туралы фильм таныстырылды. Мелодрама жанрында түсірілген "Жаса" кинолентасында мектеп жасындағы баланың отбасы жағдайы жайлы баяндалады.

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының м.а. А.Оралов "Жасыл ел" жастар жасағының қатысушылары мен белсенділерінің саны жыл сайын өсіп келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, "Жасыл ел" бұл тек ағаш отырғызу мен нысандар салу ғана емес, сонымен қатар, жастарды қоғамға пайдалы процеске тарту болып табылады.

Мереке барысында студенттер шығармашылық және музыкалық өнерлерін көрсетті. Концерт "Жасыл ел" жасағының әнұранымен аяқталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар