Ақтөбеде жастарды отансүйгіштікке баулитын әскери-патриоттық лагері жұмысын бастады - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбеде жастарды отансүйгіштікке баулитын әскери-патриоттық лагері жұмысын бастады

12 қыркүйек, 10:52 439 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде жастарды отансүйгіштікке баулитын әскери-патриоттық лагері жұмысын бастады

Ақтөбе қаласының «Береке» демалыс аймағында «Жігер-2017» атауымен Республикалық әскери- патриоттық лагері жұмысын бастады. Аталған лагерь ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қазақстанның жастар Конгресінің ұйытқы болуымен ашылды, деп хабарлайды Bnews.kz. 

Шараның мақсаты — жастардың арасында  отансүйгіштік пен азаматшылық қасиеттерін дамыту, және олардың отанға қызмет ету идеяларын қалыптастыруға бағытталған әскери-патриоттық жиындарына әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету болып табылады.  

Шара барысында жастардың әскери дайындығын шыңдау мақсатында шеберлік сабақтары, сондай-ақ әскери-қолданбалы  және әскери-далалық спорт  түрлері бойынша жарыстар және эстафета өтетін болады. Шеберлік сабақтарын  педагогикалық қызмет саласында тәжірибесі бар және аталған бағыт бойынша ғылыми атаққа ие  кәсіби жаттықтырушылар жүргізеді.

Лагерь  бағдарламасы шеңберінде  әскери-патриоттық клубтардың өзара тәжірибе алмасуы мақсатында диалогтық алаңдар ұйымдастырылып, «Кешкі Алау» оты жағылатын болады. Бұдан бөлек, лагерь қатысушылары үшін  ҚР Қарулы күштеріне 25 жыл толуына орай қызықты ойын-сауық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.      

Тұтастай алғанда, әскери-патриоттық клубтармен бірлесе жүргізілетін идеологиялық жұмыстар «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалалары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ауқымды шараға жалпы саны 80 адам қатысуда. Атап айтқанда, әскери-патриоттық клуб тәлімгерлері мен басшылары және жастарға арналған әскери ұйымдардың, әр түрлі мекемелердегі жастар ісі жөніндегі комитет басшылары, сондай-ақ, өңірлердегі жастар саясаты жөніндегі басқармалардың, облыстардағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, және түрлі жастар ұйымдарының өкілдері бар.  

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары