Ақтөбеде жол салу және жөндеу жұмыстары бойынша 19 жоба жүзеге асырылады - Жаңалықтар | BNews

Ақтөбеде жол салу және жөндеу жұмыстары бойынша 19 жоба жүзеге асырылады

24 шілде, 18:03 1668 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде жол салу және жөндеу жұмыстары бойынша 19 жоба жүзеге асырылады

Оның құны 2,5 млрд.теңгеге бағаланып отыр.

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оның айтуынша 2018 жылы тұтастай алғанда 30 км-ге жуық жол жөнделініп, көпірлер мен жол үстіндегі жаяу жүргіншілер жолдары салынады.

"Жұмыс көлемінің үлкендігін, сондай-ақ, объектілердің күрделілігін ескере отырып, барлық жұмыстар әдеттегі мерзімдерден ерте басталды. Техника көптеген объектілерге сәуірдің аяғы мен мамырдың басында шығарылды. 8 мердігерлік ұйым тартылды", - деді Ілияс Испанов.

Облыс орталығында Тургенев көшесін Ғ.Жұбанова көшесімен қосатын автожолды қайта жарақтандыру жалғастырылуда. Жобада 5 ықшам аудандағы жол өткелі астынан туннель орнатып, осы аудандағы автокөлік қозғалысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізу қарастырылған. Жалпы алғанда, 5,7 км автожолды қайта жарақтандыру жоспарлануда.

3 жол үстіндегі жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары да басталып кетті. Одан басқа, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілуде, олардың көмегімен қаланың көше-жол желісіндегі көлік ағыны мен бағдаршам нысандарын реттеу мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі уақытта жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне 87 бағдаршам нысандарының 65-і немесе 75%-ы қосылды.

Ілияс Испанов онлайн тәртібінде Жол-көлік қозғалысы бұзушылықтарын тіркеуге мүмкіндік беретін, автокөлік ағынын және тұтастай алғанда, қаланың қауіпсіздігін бақылауды іске асыратын "Смарт сити" бейне бақылау жүйесін орнату жоспарларымен де бөлісті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: