Ақтөбелік мектептерді жөндеуге 1,8 млрд теңге қаржы бөлінді

Написать нам
22 қазан, 2018, 09:49 1246 Ақтөбе облысы
Ақтөбелік мектептерді жөндеуге 1,8 млрд теңге қаржы бөлінді

Орта білім беруді ақпараттандыруды дамыту мақсатында оқу орындарын кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етуге жəне ақпараттық жүйелерді техникалық қамтамасыз етуге қаражат бөлінді.

Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектептерінде күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу  сондай-ақ, материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы облыстық білім басқармасында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz.  

Осы мекеменің мəліметінше, мектептерде жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін жүргізілді. Күрделі жөндеуге жататын нысандардың тізбесін қалыптастыру кезінде бірінші кезекте "кезек күттірмейтін" нысандар қаржыландырылады, сонымен қатар, оларға жұмыстың барлық түрлері бойынша алдын ала құжаттар əзірленеді.

"Соңғы үш жылда Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарының күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1807, 0 млн.теңге бөлінді, ал оның ішінде ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарына  374 млн.теңге бөлінген болатын. Қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жəне білім алушыларға қажетті жағдай жасау мақсатында Қамқоршылық кеңестер жұмыс жасайды", - деп атап өтті басқармада.

Сонымен қатар, мекемеде "Сандық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша да белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, оның басты бағыттарының бірі, білім беру жүйесін дамыту екендігі де айтылды.

Орта білім беруді ақпараттандыруды дамыту мақсатында оқу орындарын кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етуге жəне ақпараттық жүйелерді техникалық қамтамасыз етуге қаражат бөлінеді. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласының мектептеріне жалпы сомасы 339 млн теңгеге 1194 компьютер жиынтығы, 260 аппараттық кешен, 8 ультрофокусты интерактивті проектор жиынтығы мен 3D принтерлер жəне робототехника сатып алынды. Мектептерді 100%  компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін қала мектептеріне 465 млн.теңгеге 1860 компьютер жеткізілетін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар