Ақтөбелік оқушы қыз Лондонда Димаш Құдайбергенмен бірге ән салады

Написать нам
12 қараша, 2018, 19:13 2189
Ақтөбелік оқушы қыз Лондонда Димаш Құдайбергенмен бірге ән салады

Наргиз Жанұзақова "Indigo at the O2" концерт залының сахнасында "Астана - елімнің жүрегі" әнін орындайды.

19 қарашада Ұлы Британияның астанасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Қазақстандық танымал әншінің мерекелік кешінде ақтөбелік оқушы қыз Наргиз Жанұзақова ән салады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"DQ" атты жаңа шоу Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында өтеді. Концерт ҚР Мәдениет және спортминистрлігімен ұйымдастырылып, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен өтеді.

Осы жылдың жазында Ақтөбе қаласында балалар байқауы өткен болатын, оған Димаш Құдайберген қонақ ретінде және тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан. Арнайы жүлдені орындаушы 13 жасар Ақтөбелік Наргиз Жанұзақоваға табыстады. Жас қыз өзінің орындауын төрт жыл бұрын дүниеден өткен әкесіне арнаған. Димаштың сөзі бойынша таңдау жасау оңайға соқпады және ол қатысушылардың талаптарына тәнті болды. Алайда өзінің әлемдік турне аясындағы жеке концерттерінің біріне қатысу мүмкіндігін дәл осы Наргизға тапсыруды ұйғарды.

"Орындаушы өз уәдесінде тұрды, 19 қарашада Лондонда Наргиз Жанұзақова "Indigo at the O2" концерт залының сахнасында "Астана - елімнің жүрегі" әнін орындайды. Осылайша, бұл Қазақстанның жас таланттарын қолдау мен дамытуға қосқан тағы бір үлесі болмақ", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, сатылған билеттерден түскен барлық қаражат 2008 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ҚР Мәдениет және спортминистрлігінің Жас таланттарды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. 10 жыл ішінде бағдарлама 1000-нан астам жас дарындыларға халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуға септігін тигізді. Бағдарламаға шығармашылықтың әртүрлі саласының өкілдері қатыса алады: суретшілер, модельдер, сәнгерлер, әншілер, музыканттар.

Димаш Құдайберген – 5 октава, 4 нота және 1 жарты тонды қамтитын вокалдық диапазоны кең қазақстандық әнші, сазгер, мульти-аспапшы.

Димаштың жетістіктері Қазақстанда ең жоғарғы дәрежеде деп саналады: Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті тағайындаған Мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендия лауреаты – 2016 жылғы Ұлт көшбасшысы, "Танымал музыка" номинациясындағы "Астана Дарыны-2017" премиясы, 2017 жылғы "Астана Дауысы" жыл сайынғы халықаралық музыкалық фестивалі премиясы және тағы да басқа көптеген жетістіктері бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар