Ақтөбелік шаруалар егін жинау науқанын бастады

10 тамыз, 2018, 11:48 2600 Ақтөбе облысы
Ақтөбелік шаруалар егін жинау науқанын бастады

Облыс биыл 443 мың гектар жерге дәнді-дақыл ексе, оның 15 мың гектары орылды.

Ақтөбе облысының шаруалары егін жинау науқанын бастады. Егіні мол Мәртөк ауданының диқандары гектарынан орта есеппен 7 центнерден өнім алып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірге санаулы ауданның шаруалары ғана егінге орақ салды. Қалған аудандар тамыздың орта тұсында бастайды. Облыс биыл 443 мың гектар жерге дәнді-дақыл ексе, оның 15 мың гектары орылды. Егін жинау науқанына қажетті техниканың 98%-ы бар.

Биыл 8 жарым мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен беріледі. Оның 3 мың тоннасы шаруаларға жеткізілді. 

"Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арзандатылған жанар-жағармай алып отыр. Яғни оның бағасы 162 теңге. Нарықтағы бағаның құны 182 теңге литрі болса, біздің мемлекет тарапынан берілген жанар-жағармай 11%жеңілдетілген. Егін жинау науқаны аяталғаннан кейін біз келесі жылға дайындықты бастаймыз. Жерді қопсытумен қатар күзге дақылдарды егу басталады", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Қаршыға Шүкірәліқызы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар