Ақтөбелік жастар жаңа жылдық сауық кешінен бас тартып, балаларға мереке ұйымдастырды

28 Декабря, 2018, 18:22 4434
Ақтөбелік жастар жаңа жылдық сауық кешінен бас тартып, балаларға мереке ұйымдастырды |  | BNews.kz

Аталған іс-шараға қала мектептеріндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасылардан 500 бала қатыстырылып, сыйлықтар табысталды.

Ақтөбедегі Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жаңа жылдық сауық құрудан бас тартып, оның орнына қамқорлыққа зәру бүлдіршіндер үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгін Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық №33 орта мектеп базасында, "Жаңа жылға тілекпен!" атты мерекелік концерттік бағдарлама мен театрландырылған қойылым көрсетілді.

Аталған іс-шараға қала мектептеріндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан 500 бала қатыстырылып, сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шыршаға қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова қатысып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол барша бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, зор денсаулық, қуаныш пен шат күлкі тіледі, сондай-ақ Жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен бақытты болашаққа деген үміт сыйлайтынын атап өтті.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости