Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына орай "150 игі іс" атты қалалық акция өтіп жатыр

18 Января, 2019, 18:38 4209
Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына орай "150 игі іс" атты қалалық акция өтіп жатыр |  | BNews.kz

Ең үздік жасалған игі істер "Наурыз" мерекесі аясында Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай "150 игі іс" атты қалалық акция 2019 жылдың 6 қаңтарынан бастап 15 наурыз күндері аралығында өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Акцияның негізгі мақсаттары – тәуелсіздігіміздің құндылықтары мен қадір-қасиетін жастар арасында кеңінен насихаттау, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығының нышаны ретінде әрбір азаматты игі істерді жасауға шақыру, адамдарды бір-біріне көмек көрсетіп және мейірімді болуға үндеу", - делінген хабарламада.

"150 игі іс" акциясы аясында жалғыз басты қарттарға, ауру жандарға көмек көрсетіп, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелей отырып, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосу – игі істер қатарына жатады.  

Ең үздік жасалған игі істер "Наурыз" мерекесі аясында Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу кезінде концерт береді. Сонымен қатар облыстағы 12 аудан қалаға өз сыйын жасайды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13927

Похожие новости