Алакөл әлемде теңдесі жоқ демалыс аймағы – Мемлекет басшысы

11 шілде, 2018, 17:01 1778 Ақмола облысы
Алакөл әлемде теңдесі жоқ демалыс аймағы – Мемлекет басшысы

Елбасының айтуынша, осы демалыс орнына әкелетін әуежай жұмысын дамыту керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның демалыс орындарына ерекше тоқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Мен Алакөлде болдым. Оны білетін шығарсыздар. Бұл әлемде теңдесі жоқ демалыс аймағы. Оған Балқаш өзенінің жағалауы кіреді. Біз Алакөлге апаратын теміржолды салдық. Енді ол жаққа адамдар келу үшін аэропортты дамыту қажет. Алакөл мен үшін теңіз. Мен солай деймін. Ол жылына 95 күн жұмыс істейді. Маған шомылу маусымында осылай жұмыс істейтін курорттық аумақты айтыңыздаршы. Тіпті Түркияда осылай жұмыс істемейді. Каспий теңізінің жағалауы да ерекше. Онымен жеке жұмыс істеу керек", - деді Елбасы.

Елбасы Алматы облысында да туризимді дамытудың мүмкіндіктері зор екенін атады.

"Алматы облысында біз шаңғы курорты туралы айтамыз. Мұны да дамыту қажет. Мүмкіндік пен идеялар, жобалар бар. Бізде Шарын шатқалы туралы білетіндер аз. Тіпті шетелдіктердің өзі ол Солтүстік Америкадағы ұлы шатқалдан үлкен екенін айтады. Ол жақта болған азамат естен кетпес әсер алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев

Сондай-ақ, Елбасы Түркістан қаласын дамытуға баса мән берілетінін айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашақта Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға үлкен мән беріліп, қаланың туристік орталыққа айналатынын айтты. Ол алдымен аймақтардағы демалыс орындарын дамыту қажеттігін айтты.

"Бурабай курорты арқылы ақша табуға мүмкіндік бар. Осылайша мемлекет туристердің есебінен пайда табады. Бұл біз жұмыс істейтін жалғыз жер емес. Қазіргі таңда Щучье-Бурабай демалыс аймағы туралы айтып отырмыз. Сондай-ақ Имантау-Шалқар, Павлодар облысындағы Баянауыл курорттық зонасы да мән беру қажет", - деді  Елбасы.

Елбасы Түркістан қаласы да туризмнің орталығы болатынын атап өтті.

"Түркістан – жеке тақырып. Біз Түркістан қаласын салып дамытамыз. Ол туризмнің орталығы болады. Қазірдің өзінде ол жаққа 100 мың турист келіпті. Егер біз тиісті инфрақұрылымды дамытсақ, аталған көрсеткішті арттыруға болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар