Алдағы екі күнге арналған ауа-райы болжамы - Жаңалықтар | BNews

Алдағы екі күнге арналған ауа-райы болжамы

16 шілде, 12:54 2061
Алдағы екі күнге арналған ауа-райы болжамы

Оңтүстікте ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Оңтүстікте, оңтүстік-батыста және Қазақстанның батыс өңірінің кей жерлерінде алдағы үш тәулікте ауа температурасы плюс 40...43 градус және жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы күтілуде, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мұндай ауа райы Кіші Азия аудандарынан ыстық ауаның шығуымен байланысты. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары жоғары барийлік ауа әсерімен байланысты атмосфералық фронттар ықпалында болады. Осы өңірлерге Сібірден салқын және ылғалды ауа келеді, сондықтан мұнда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр және осы мезгілге қалыпты ауа-райына жақын температура сақталады. Ал солтүстік облыстарға Кола түбегінде орналасқан антициклон тарамдары ауысады, ол жауын-шашынның тоқтауына себеп болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары