Алдағы күндері еліміз бойынша жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді - Жаңалықтар | BNews

Алдағы күндері еліміз бойынша жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді

23 шілде, 15:02 1721
Алдағы күндері еліміз бойынша жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді

 24-26 шілдеде солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарына жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарына мол жауын-шашын әкелген биіктік циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжи бастады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Дегенмен циклонның республиканың орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына ықпалы әлі де байқалады. Соған байланысты, Сібірден салқын әрі ылғалды ауа ағыны келеді.

Сондықтан да алдағы үш күнде Қазақстанның шығыс жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады, ол шығыс және солтүстік-шығыс облыстарда күшейіп, тіпті бұршақ жаууы да мүмкін. Жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді. Батыс және оңтүстік-батыс өңірлердегі аптап ыстық аз уақыт бәсеңдейді, артынша Ираннан ыстық ауа ағынының келуіне байланысты ауа температурасы тағы да 40...43 градусқа дейін көтеріледі.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары