Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады

06 тамыз, 2018, 12:33 2199
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады

Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады.

7-9 тамыз аралығында республиканың басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Екпінді жел соғады. Батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасы 27-35 градус аралығында сақталады. Оңтүстік және батыста ауа райы 40 градусқа дейін көтеріледі.

9 тамызда Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр ауданынан салқын және ылғалды ауаның ауысып келуіне байланысты күн салқындай бастайды. Күндізгі ауа температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар