Алдағы күндері суық ауа райы сақталады – Қазгидромет

05 желтоқсан, 2018, 15:17 1694
Алдағы күндері суық ауа райы сақталады – Қазгидромет

Кей жерлерде жауын-шашын мен көктайғақ болады деп болжануда.

"Қазгидромет" РМК 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері суық ауа райы сақталады.

"Қыс мезгіліне тән кең және күшті антициклон Красноярск аймағының оңтүстігіне ығысып, оның батыс бөлігі Қазақстанның батыс облыстарынан басқа аймақтарына әсерін тигізетін болады. Ереже бойынша антициклонмен суық және жауын шашынсыз ауа райымен байланысты, сондықтан алдағы үш тәулікте республикамыздың ауа райында айтарлықтай өзгерістер болжанбайды. Бұл аралықта батыс облыстары Кавказ аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сондықтан мұнда кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ және ауа температурасының шамалы жоғарылауы болжанады", - делінген "Қазгидромет" мамандары таратқан хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар