Алдағы үш күнде Астанада ауа райы құбылмалы болады - Жаңалықтар | BNews

Алдағы үш күнде Астанада ауа райы құбылмалы болады

20 шілде, 11:13 2552 Астана
Алдағы үш күнде Астанада ауа райы құбылмалы болады

Күндіз қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал.

Синоптиктердің болжауынша 20 шілдеде Астанада көшпелі бұлт шыққанымен, жауын жаумайды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.

Сенбі 21 шілде күні де ауа райы құбылмалы болады. Күндіз қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрамақ. Сынап бағанасы түнде +17...+19°С, күндіз +27...+29°С көрсетеді.

Ал жексенбі 22 шілдеде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с, кейде 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +18...+20°С.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары