Алдағы үш күнде елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

14 қараша, 2018, 12:27 1904
Алдағы үш күнде елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Сонымен қатар, ауа температурасының аздаған жоғарылауы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі 15-17 қараша аралығында Қазақстан аумағында күтілетін ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, суық және кең алқапты антициклон Қазақстанның ауа райына әлі де әсерін сақтайды.

"Республиканың басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар ауа температурасының аздаған жоғарылауы күтіледі. Тек Қазақастанның қиыр солтүстігінде кей жерлерде аздаған қар, ал 17 қарашада батыс желінің күшеюі және бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар