Алдағы үш күнде ауа температурасы жылынады

24 қазан, 2018, 15:09 1950
Алдағы үш күнде ауа температурасы жылынады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша ауа райы ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Қазақстанның батысына Поволжья аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды, олар жауын-шашын, әсіресе жаңбыр және ауа температурасының төмендеуін тудырады.

"Республиканың қалған аумағында жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталады, ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Максималды ауа температурасы плюс 8…15°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 18…23, кей жерлерде плюс 28°С дейін болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Тек 27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуімен кей жерде жаңбыр жаууы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар