Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қараша, 2018, 14:16 398 Астана
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Республика аумағында аязды күндер болжануда.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға жылжыған кең алқапты және күшті антициклон республиканың барлық аймағында айтарлықтай суық  ауа райын әкеледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жексенбі күні ауа температурасының ауытқуы осы маусым үшін 3...8°С төмен болды, ал солтүстік және шығыс облыстарда 10...15°С төмен болды. Тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температураның ауытқкуы оң таңбалы болды. Бірақ антициклонның шығысқа жылжуы мен созылмалы суықтың келуіне байланысты осы аудандарда да алдағы тәуліктерде айтарлықтай суық ауа райы күтіледі.

Сондықтан алдағы үш тәулікте антициклонның әсеріне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде суық және көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ, 15 қарашада күндіз ауа температурасы жоғарылауы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар