Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

26 қараша, 2018, 16:26 259
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

27-29 қараша күндері ауа температурасы бірнеше градуске көтеріліп, жылынады.

Алдағы үш тәулікте ауа температурасының жоғарылайды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Соған қарамастан көптеген облыста жауын-шашын мен бұлтты ауа райы сақталады. Сонымен қатар, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын мен батыстан соққан күшті желдің беті қайтпайды.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күндізгі температура плюс 5…15°С градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында 0…плюс 5°С градусқа дейін жылынады.

Тек батыс облыстарында температураның плюс 2…13° градустан 0…8° градус аязға дейін төмендеуі болжанады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!