Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

7 Ноября, 2018, 15:41 1270
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы |  | BNews.kz

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарыда қар жауады деп күтілуде.

Баренц теңізі аудандарында қалыптасқан суық атмосфералық фронттардың салдарынан Қазақстанға арктикалық ауа массалары ағыла бастайды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, ал алдағы үш тәулікте ол төмендейді және әдеттегі нормадан 3.....8°С төмен болады. Күн салқындап қана қоймай, жауын-шашынды, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, нағыз қысқы ауа райының нышаны айқындала түседі. Боран, солтүстік-батыстан күшті жел соғып, түнгі уақытта 10-15 градусқа дейін салқындап, кей жерлерде 20 градус аяз болады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13930

Похожие новости