Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

09 шілде, 2018, 15:11 305
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігінде найзағайлы жаңбыр жауады.

Қазгидрометтің мәліметіне қарағанда, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттармен бірге Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен салқын және дымқыл ауа келе бастайды. Сондықтан республика аумағының басым бөлігінде ыстықтың беті қайтады, деп хабарлайды BNews.kz.

Еліміздің солтүстік өңрінде найзағайлы жаңбыр жауып, жауын кезінде күшті жел соғады деп болжанады.

Ал оңтүстік облыстардың жеке аудандарында, әсіресе таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Өткен демалыс күндері оңтүстік аймақтарда +35+40 градуске дейінгі аптап ыстық болғаны белгілі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар