Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Написать нам
29 қазан, 2018, 14:29 1624
Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның барлық аумағында күн суытады деп болжанады.

Өткен демалыс күндері жауын-шашынға қарамастан, күн райы өте жылы болды. Ауа температурасының аномалиясы плюс 3…8°С, оңтүстік-шығыс және шығыста плюс 14°С дейін жетті, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Циклон және сонымен байланысты Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанның солтүстік облыстарына жылжыған атмосфералық фронттар еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын тудырады.

Алдағы уақытта, республика аумағы арқылы шығысқа жылжи отырып, суық фронттар әсерінен қар жауып, боран, көктайғақ болып, батыс және солтүстік-батыстан қатты жел соғады, деп болжануда.

Сонымен қатар, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста соңы қарға ұласатын жаңбыр жауады. Таулы және тау бөктері аудандарында 31 қазанда және 1 қарашада нөсер жауады, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында күн суытады деп болжанады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар