Алексей Полторанин Олимпиада жарысында финалға шыға алмады - Жаңалықтар | BNews

Алексей Полторанин Олимпиада жарысында финалға шыға алмады

13 ақпан, 20:11 744
Алексей Полторанин Олимпиада жарысында финалға шыға алмады

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста финалға шыға алмады.

Біздің жерлесіміз ширек финалдың бірінші алтылығында өнер көрсетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті.Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

Бұл сайыста норвегиялық Йоханнес Клейбо мен швециялық Теодор Петерсон бірінші және екінші болып келіп, финалға шықты.

Бұған дейін шаңғы спортының қыздар арасында сынға түскен отандасымыз Анна Шевченко да финалға шыға алмады. Ол 3 минут 23,56 секунд уақыт көрсетіп, бірінші алтылықта соңғы орын алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар