Әлемдегі ең ұзын бойлы адам мен қысқа бойлы бойжеткен Каирде кездесті - Жаңалықтар | BNews

Әлемдегі ең ұзын бойлы адам мен қысқа бойлы бойжеткен Каирде кездесті

29 қаңтар, 11:55 1329
Әлемдегі ең ұзын бойлы адам мен қысқа бойлы бойжеткен Каирде кездесті

Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ерекше адамдар Каирде кездесті.

Мысырдың Мәдениет және туризм министрлігінің шақыртуымен Каирге әлемдегі ең ұзын бойлы адам түркиялық Сұлтан Көсен мен әлемдегі бойы ең қысқа әйел үндістандық Джиоти Амге келді. Бұл туралы Ntv haber хабарлады, деп жазды Хабар 24.

Олар елдегі тарихи орындарды аралап көрді. Әлемдегі ең ұзын бойлы адам атымен танылып, Гиннесс рекордтар кітабынан орын алған Сұлтан Көсен Египет туризміне қолдау көрсету мақсатында Каирге аттанған. Бұл – оның бұл елге алғашқы сапары.

Бойы 2 метр 51 сантиметр болатын Көсеннің қасында бойы небәрі 62,8 сантиметр ғана болатын үндістандық бойжеткен Джиоти Амге Гиза пирамидалары алдында суретке түсті. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ерекше адамдар Каирде 4 күн болады. 
 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары