Әлемдік деңгейдегі музыканттар Қарағандыда шеберлік-сыныптарын өткізеді

12 қазан, 2018, 12:31 3195 Қарағанды облысы
Әлемдік деңгейдегі музыканттар Қарағандыда шеберлік-сыныптарын өткізеді

Қатысушылар дауысын барабан дыбыстыры мен  әндер арқылы тексере алады. 

Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әлемдік деңгейдегі музыканттардан шеберлік-сағаты өтеді, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. Шеберлік-сыныбының тақырыбы "Өзіңіздің шынайы дауысыңызды барабандық дыбыстар мен әндер арқылы ашыңыз!" деп аталады.

Кездесуге қатысушыларға өз креативтілігін барабан, әндер және шығармалар арқылы ашуға көмектеді. Оларға өз дауысын, джаздың лирикалық және рифмалық техникасы, ритм-энд-блюз, сондай-ақ халықаралық вокалдық стильдер арқылы қолдануды үйретеді.

Шеберлік-сыныпты қарағандылықтар үшін Амикаэла Гастон, Мена С. Рамос, Элизабет Сайер және Мишель Гёрлитз өткізеді.

Амикаэла Гастон - Washington Area Music Accociation Awards сыйлығының 8 мәрте иегері, композитор және орындаушы, оның дауысын қазіргі заманғы ең "таза" дауыс деп сипаттайды. Оның төмен дауысы "сарқыраманың мақпал дыбысын" (MTV) елестетеді және өзінің шынайылылығымен тыңдарманды баурайды. 
Доктор Мена С. Рамос – кәсіби дәрігер, вокалшы және барабаншы. Ол АҚШ-та ұлттық деңгейде, сондай-ақ Кубада, Бразилия мен Филиппинде халықарылық деңгейде өнер көрсеткен. Қазіргі таңда ол Сан-Францискода би труппаларымен өнер көрсетеді. 
Элизабет Сайр 1994-ші жылдан бастап афрокубиндік музыка мен батада (барабан түрі) ойнап, орындайды. Осы бағыттағы АҚШ және Кубадағы көптеген шеберлерден дәріс алған.
Мишель Гёрлитз "Blazing Redheads" және "Wild Mango" екі әйгілі және ұзақмерзімді жобалардың негізін қалаушылардың бірі болған. 2007-ші жылы ол Downbeat Magazine журналында "туып келе жатқан жұлдыз" деп аталған. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар