Әлемге әйгілі "Notre Dame de Paris" мюзиклі қазақ тілінде қойылады

10 желтоқсан, 2018, 20:10 2392
Әлемге әйгілі 

Алғаш рет Париж қаласында 20 жыл бұрын қойылған мюзикл бұған дейін әлемнің 9 тіліне аударылса, Қазақстан 10-шы болып отыр.

Әлемге әйгілі француздық-канадалық "Notre Dame de Paris" мюзиклі қазақ тілінде қойылады. Мюзиклдің қойылымын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Qazaqconcert" мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынады, деп хабарлады "Qazaqconcert" мемлекеттік концерт ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Алғаш рет Париж қаласында 20 жыл бұрын қойылған мюзикл әлемнің 9 тіліне аударылған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің үлкен еңбегі арқасында Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тілдеріне  аударған оныншы ел болып отыр. Әлемге әйгілі қойылым отандық театр өнері үшін жаңа белес болмақ. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің тиісті жұмыс стандарты көтерілген ҚР Президентінің жолдауына толығымен сәйкес келеді.

"Notre Dame de Paris мюзиклінің қойылымы үшін еліміздің барлық аймағынан жиналған талантты вокалистер, акробаттар мен бишілер арасында кастинг өткізілді. Кастингке мюзикл авторлары Риккардо Коччанте, қоюшы режиссер Роберт Мариен, Франция мен Қазақстанның  продюссерлері мен хореографтары жетекшілік етті. Іріктеуден еліміздің үздік әртістері өтіп, басты рөлдерді келесі қатысушылар сомдайды: Кайрат Сарыбаев, Дидар Абдухалык и Адиль Султан, Абай Мухамбетжанов, Нурпейіc Абдураев, Серікболсын Кішкенбаев, Армат Амандыков, Игілік Оразалы, Адлет Абдукадыров, Айдар Акипбаев, Акжол Омирзаков, Зарина Жакенова, Расул Усманов, Жаркынай Шалкар и Таншолпан Нуртілеу, Жанна Сандыбаева, актриса и певица Роза Мукатаева, Улан Кабыл", - делінген хабарламада.

"Notre dame de Paris" мюзиклінің қойылымы заманауи Қазақстанның тарихындағы айтулы оқиға болары анық. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен "Qazaqconcert" мемлекеттік концерттік ұйымының бірлескен жұмысының нәтижесінде қазақ тілінде сахналанатын "Notre Dame de Paris" мюзиклі елімізде қойылған мюзиклдердің ішінде ерекше орын алатыны сөзсіз.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #концерт #қазақ тілі

Читайте также

Похожие новости