Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалықтар екінші орында

8 Февраля, 2019, 12:20 37895
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалықтар екінші орында |  | BNews.kz

Жүйес іске қосылған уақыттан қазірге дейінгі аралықта Астана қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы – 17,67 млрд теңге.

Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер белсенділік танытып келеді. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 1 ақпаны аралығында Астана қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 17,67 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BNews.kz "Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның 16,38 млрд теңгесі (шамамен 92,7%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 1,29 млрд теңге (7,3%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

"Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, Астана (12,58%) медициналық сақтандыру жарналары – аударымдары бойынша Алматы қаласынан (21,04%) кейін екінші орында, үшінші орында – Қарағанды облысы (8,23%)", - делінген хабарламада.

Естеріңізге саламыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасасқан. Болашақта бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясындағы қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости