Әлеуметтік жеңілдік алатын астаналықтар тегін көліктік картаны онлайн түрде ала алады - Жаңалықтар | BNews

Әлеуметтік жеңілдік алатын астаналықтар тегін көліктік картаны онлайн түрде ала алады

05 наурыз, 11:16 1637 Астана
Әлеуметтік жеңілдік алатын астаналықтар тегін көліктік картаны онлайн түрде ала алады

Көліктік карта alrt.kz сайтында рәсімделеді.

Көліктік картаға арызды рәсімдеу үшін alrt.kz сайтына азаматтар суретін жүктеп, өз аты-жөні, ЖСН мен байланыс телефоны сияқты мәліметтерді қалдыру қажет, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар атаулы көліктік картаны алуға интернет арқылы тапсырыс бере алады.

"Ол үшін сілтеме арқылы http://alrt.kz/ сайтының басты бетіндегі "Көліктік картаға арыз түсіру" блогына кіру қажет. Арызды рәсімдеу үшін азаматтар өзінің суретін жүктеп, жеке басына қатысты мәліметтерді (ЖСН, Т.А.Ә.) және байланыс телефонын қалдыруы тиіс", - делінген Astana LRT ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көліктік карта дайын болған соң, Орталық кассаның операторлары карта иесіне сайтта қалдырылған нөмір бойынша хабарласады. Осыдан кейін дайын картаны Қажымұқан көшесі, 14 мекенжайы бойынша алып кетуге болады. 

Картаға интернет арқылы тапсырыс беру мүмкіндігі процестің ұзақтығы мен кассалар алдындағы ұзынсонар кезекті қысқартуға септігін тигізбек.

Ұқсас жаңалықтар